Қасым-Жомарт Тоқаев Оңтүстік Кореяға қайта шақырылды

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасының Президенті Мун Чжэ Инмен телефон арқылы сөйлесуі аясында мемлекет басшылары стратегиялық әріптестікті тереңдетудің қазіргі жағдайы мен перспективаларын қарастырды.

Сұхбаттасушылар 2019 жылғы сәуірде Мун Чжэ Иннің Қазақстанға мемлекеттік сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтар нәтижесінде мүмкін болған табысты экономикалық ынтымақтастыққа жоғары баға берді.

Сұхбаттасушылар 2019 жылғы сәуірде Мун Чжэ Иннің Қазақстанға мемлекеттік сапары барысында бекітілген уағдаластықтар нәтижесінде қол жеткізілген табысты экономикалық ынтымақтастыққа жоғары баға берді.

Мун Чжэ Ин Алматыда Hyundai жеңіл автокөліктерін шығаратын зауыттың ашылғанын ерекше атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев пандемияның салдарына қарамастан, тауар айналымының оң динамикасына қанағаттанатынын білдірді.

Сұхбаттасушылар екі елдің халықаралық ұйымдар аясындағы, соның ішінде ДСҰ мен МАГАТЭ желісі бойынша өзара іс-қимылының нығая түскенін атап өтті.

Әңгіме барысында коронавирус пандемиясына қарсы күрестегі нәтижелі ынтымақтастық мәселелері де қозғалды.

«Корея Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың келесі жылы Оңтүстік Кореяға сапармен келуге шақыруын растады», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, Тоқаев өткен жылы өткен президенттік сайлауда жеңіске жеткеннен кейін, Мун Чжэ Ин Мемлекет басшысын Оңтүстік Кореяға сапармен келуге шақырған болатын.

Айта кетейік, жақында Оңтүстік Корея Қазақстанға ПТР-тесттер мен 300 мың доллар тұратын медициналық жабдықтар жіберді.

Сондай-ақ, 16 қыркүйекте Оңтүстік Кореяның елшілігі «Шарапат» қарттар үйіне мүгедектер креслоларын, қосалқы қозғалыс құралдарын және 2,2 миллион теңге тұратын жалпы пайдаланымдағы тұрмыстық бұйымдарын тапсырды.

Добавить комментарий