Таяу апталарда Украина армиясына Германия мен Даниядан ондаған бірлік Leopard 1 A5 танкілері жеткізіледі деп күтілуде.
Польшаның Rzeczpospolita газетіне берген сұхбатында ГФР Қорғаныс министрі Борис Пашориус аталған танктер Украинаға әскери көмек ретінде жіберілетінін хабарлады.
«Германия мен Дания жіберетін ондаған бірлік Leopard 1 A5 жауынгерлік танктері таяу апталарда Украинаға жеткізіледі», — деп растады Пистолориус.
Украина армиясы 4 маусымда басталған қарымта шабуыл кезінде Leopard танктерін қолданған. РФ Қорғаныс министрлігі аталған типтегі танктердің жойылғанын мәлімдеуде, ал Ресей президенті Владимир Путин Украина Қарулы Күштері көптеген танктер мен броньды машиналарынан айырылғанын жариялады.
Жақында Украина Қарулы Күштерінің басшысы Валерий Залужный ұрыс қимылдары кезінде бірнеше герман танкісінен айырылғанын мойындады.
The Washington Post газетіне берген сұхбатында ол Leopard танктері Украинаға парадтар үшін емес, ұрыс алаңында пайдалану үшін берілгенін және олардың жауынгерлік операцияларға қатысуы үшін басымдық берілгенін атап өтті.