
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Алматыға келді.
Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлады.
Президент ертең, 1 маусымда Балаларды қорғау күніне арналған шараға және Ұлттық ғылым академиясында өтетін салтанатты жиынға қатысады, — делінген Ақорданың Telegram-арнасындағы хабарламасында.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар ғылыми мекемені, оқу орындарын аралап көреді және жеке кездесулер өткізеді деп жоспарланған.