БАҚ қызметкерлеріне «Болашақ» бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өту ұсынылды

БАҚ қызметкерлеріне «Болашақ» бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өту конкурсына қатысу ұсынылды. Жеңімпаздар шетелде тағылымдамадан өте алады.

«Болашақ» бағдарламасы бойынша енді БАҚ қызметкерлері тағылымдамадан өте алады. Журналистер, режисерлер, операторлар, графистер әлемнің жетекші шетелдік ұйымдары мен ЖОО-ларында «Операторлық өнер», «Режиссура», «Журналистика», «Визуалды әсерлер. 3d анимация» және т.б. мамандықтар бойынша біліктілігін арттыра алады. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі хабарлады.

Үміткерлердің жалпы жұмыс өтілі үш жылдан кем болмауы керек. Соңғы 12 айда таңдаған мамандығы бойынша жұмыс істеуге тиіс. Үміткер шетелдік ұйымнан шақыртуды өз бетінше алады және ҚАЗТЕСТ тапсырады (нәтижесі В1-ден төмен болмауы керек).

Тағылымдамаға құжат тапсыру 2022 жылғы 5 қыркүйекте басталып, 14 қазанға дейін жалғасады.

Өтінімдер Egov.kz мемлекеттік қызмет порталында қабылданады.

Министрлікте атап өткендей, тағылымдама бойынша үміткерлер кепілге мүлік қоймайды. Міндеттемелерді орындау үшін екі гарант ұсыну ғана жеткілікті. Соңғы 12 айда тұрақты табысы бар, жасы 50-ге толмаған ҚР азаматы үміткерге гарант бола алады.

Добавить комментарий