Қ.Тоқаев: Грузия халқына көңіл айтты

Қазақстан Президенті Грузияның Шатили маңындағы тау жолындағы апат салдарынан 17 адамның қаза болғаны туралы Грузия президенті мен бүкіл халқына көңіл айту жеделхатын жолдады.

«Осы ауыр сәтте орны толмас қайғыға ортақтаса отырып, барлық қазақстандықтардың және жеке өзімнің атынан бауырлас Грузия халқы мен жақындарынан айырылған отбасыларға көңіл айтамын. Осы қайғылы оқиғадан зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілеймін, — делінген жеделхатта.

24 тамыз күні Грузияда 80 метр биіктіктегі жартастан жолаушылар шағын автобусы құлады. Жол апатынан 17 адам қаза тауып, үш адам зардап шекті, олардың жағдайы өте ауыр деп бағаланады. ІІМ «Қозғалыс қауіпсіздігі немесе көлікті пайдалану ережелерін бұзу» бабы бойынша тергеу бастады, — делінген жеделхатта.

25 тамызда Грузияда көлік апаты құрбандары үшін ұлттық аза тұту жарияланды.

Добавить комментарий