Мусин Қазнетке жасалған DDos-шабуылға қатысты пікір білдірді

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Қазнетке жасалған DDos-шабуылдарының артында кім тұрғаны белгісіз екенін мәлімдеді.

«Қазнетке соңғы апталарда жасалып жатқан шабуылдарға қатысты айтар болсақ. Біз Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ретінде ақпараттық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеп жатырмыз. Шабуылдардың себептері мен салдарын жоюмен айналысатын ұйым — мемлекеттік техникалық қызмет. Яғни, оларда бұл шабуылдарды болдырмау үшін барлық құрал мен ресурс бар. Ұйым осы киберқалқанды басқару үшін құрылған «, — деді спикер үкімет отырысынан кейін.
Ол DDoS-шабуылдардың қайдан жасалып жатқанын және оның артында қандай ұйым тұрғаны әлі белгісіз екенін атап өтті.
«Біз бұл ақпаратты бере алмаймыз, себебі ол бізде ол жоқ. Бізде нақты ақпарат жоқ. Бұл шабуылдарды ұйымдастыратындар прокси-серверді, VPN-серверді пайдаланады және жасыруға тырысады. Белгілі бір механизмдер бар және олар шабуыл жасауға анонимділігін сақтай алады.
Осы шабуылдарға байланысты мемлекеттік барлық ресми ресурстары мен интернет желісіне үлкен жүктеме түсірілуде. Ішкі контурдан шабуыл сыртқы контурға қарағанда анағұрлым айұынырақ. Сондықтан бұл сыртқы шабуылдар Қазақстаннан тыс жерден жасалып жатыр деуге болады», — деп толықтырды министр.

Добавить комментарий