Последние новости Казахстана и Алматы – свежие на сегодня
               Қазақстан және Алматының басты жаңалықтары
  • Құпиялылық саясаты
  • oqu.news компаниясы туралы

Последние новости Казахстана и Алматы – свежие на сегодня

  • Маңызды
  • Әлем
  • Оқиғалар
  • Экономика
  • Қоғам
  • Саясат
  • Пікірлер
  • Арнайы жобалар
  • COVID-19
RU

Батыс сарапшылары Украина аумағындағы жағдайға қатысты пікір білдірді

11 апреля 02:22 / Опубликовано в Маңызды

Батыс сарапшылары Украина аумағындағы қарулы қақтығыс тұрғысынан Ресейдің Қазақстанға қатысты әрекеттеріне пікір білдірді.

«Қалыптасқан геосаяси жағдайға байланысты, Ресейге көршілес елдердің үкіметін: таяу болашақта Украинадағы оқиғадан кейін әлемнен шеттетілген Ресей басқа қандай қадамға барады деген сұрақ мазалау керек. Әсіресе бұл мәселеге құрлықтағы ең ұзын шекарасы Ресеймен шектесетін Қазақстан баса назар аудару керек. Бүкіл қазақстандықтар украин халқын қолдайды», — деп мәлімдейді украиналық саясаттанушылар.

«Ресей үкіметі «арнайы операция» деп отырған Украинаға қарсы соғысты бастау үшін Мәскеудің алға тартып отырған себептеріне қарау керек. Ресей аталмыш «арнайы операцияның» мақсаты Донецк және Луганск халық республикасының халқын қорғау және орыс халқына қауіп төндіріп отырған ұлтшылдарды жою деп сендіріп отыр. Бұл туралы БАҚ-та, оқу орындары мен кәсіпорындарда айтылуда. Ресейде Қазақстанға қатысты осыған ұқсас риторика байқалады. Ресей қоғамында тіл мәселесі тақырыбы белсенді талқыланып жатыр. Ресейлік БАҚ-беттерінде Орталық Азия мемлекетінде орыс тіліне қарсы, Қазақстандағы орыс және орыс тілді азаматтарға қарсы қысым жасалып жатқаны туралы мәселе жиі көтеріледі», — дейді украиналық мамандар.

Сонымен қатар, саясаттанушылар неліктен Ресей мұндай әрекетке барғаны туралы өз пікірлерімен бөлісті.

«Ресей сыртқы аренадағы агресивті әрекеттерінің салдарынан шеттетіліп қалды. Батыс елдері Ресейге қарсы әртүрлі санкциялар салып жатыр, ал бұл ел экономикасын құрдымға жіберді. Күнкөріс деңгейінің нашарлауын бірінші кезекте қарапайым азаматтар сезінді. Ресейліктер қазіргі билікке сенімсіздікпен қарай бастады. Ел ішінде жыртығы ашылып келе жатқан мәселелерден назарды басқа жаққа аудару үшін Ресей билігі жауды қолдан жасап, Ресейдің бұл мәселені бірінші кезекте еңсеруі керек проблема деп халықты алдап отыр», — деп хабарлайды батыстық саясаттанушылар.

Поделиться ссылкой:

  • Twitter
  • Facebook

Понравилось это:

Нравится Загрузка...

Похожее

  • Tweet
Tagged under: арнайы операция, Кремль, пікір, Ресей, Украина, Қазақстан

Читать ещё

ҚР-да жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу тәртібі өзгереді
Алматы агломерациясының көлік жүйесі дүниежүзілік банкпен бірлесіп әзірленуде
Президент футзалдан Қазақстан құрамасын жеңісімен құттықтады

Добавить комментарий Отменить ответ

соңғы жаңалықтар

  • Қазақстан: 18 мамырға арналған ауа райы болжамы

    Ертең, сәрсенбі, 2022 жылғы 18 мамырда ел аумағ...
  • Ұлттық музей: Арыстанбек Мұхамедиұлының өлімі туралы ақпарат жалған болып шықты

    Қазақстан Ұлттық музейінің директоры тірі және ...
  • Мамыр айында Германия Украинаға шамамен 2,5 мың гранатомет жіберді

    Германия билігі биыл мамыр айында Украинаға гер...
  • Украина Қорғаныс министрлігі «Азовстальдан» әскерилердің шығарылуына қатысты пікір білдірді

    Украинаның Қорғаныс министрлігі «Азовсталь» зау...
  • «Азовстальдағы» 256 украиналық әскери тұтқынға берілді

    Хабарланғандай, «Азовстальдағы» 256 украиналық ...

соңғы жаңалықтар

    [email protected] tel:+7 747 341 6619

    Байзакова 280, Алматы 050000

    • Маңызды
    • Әлем
    • Оқиғалар
    • Экономика
    • Қоғам
    • Саясат
    • Пікірлер
    • Арнайы жобалар
    • COVID-19
    • Құпиялылық саясаты
    • oqu.news компаниясы туралы
    Вверх
    %d такие блоггеры, как: