Татарстан Жоғарғы сотының шешімі: Журналист Алса Курмашева қамауда қалды

Татарстанның Жоғарғы соты Азаттықтың Татар-башқұрт редакциясының журналисі Алса Курмашеваны 5 желтоқсанға дейін қамауда қалдыру туралы шешімін күшінде қалдырды. Бұған дейін оны қамауға алу туралы шешімді Қазанның Совет аудандық соты тергеу талап-арызымен қабылдаған болатын.

Курмашеваның адвокаты соттан бас бостандығынан айырмайтын бұлтартпау шарасын тағайындауды сұрады, алайда сот оны бас босстандығынан айырды. 31 қазанда баспасөз өкілдері үшін жабық режимде өткен отырысқа Алсу Курмашева тергеу изоляторынан бейнебайланыс арқылы қатысты.

Журналист 18 қазанда шетелдік агенттер тізіліміне енгізу үшін құжаттарды ұсыну міндетін орындамады деген айыппен ұсталды. Аталған қылмыстық бап Ресейдің қауіпсіздігіне қарсы пайдаланылуы мүмкін мәліметтерді мақсатты түрде жинауды білдіреді. 26 қазан күні оған ресми түрде айып тағылды.

Алсу Курмашеваның АҚШ және Ресей азаматтығы бар, ол Прагада өз отбасымен тұрады. Журналистің ұсталуы мен тұтқындалуы АҚШ билігі, Еуроодақ және үкіметтік емес ұйымдардың алаңдаушылығын тудырды.

Добавить комментарий