Молдованың экс-президентінің үйінің ауласында өрт шықты


  • Warning: file_get_contents(/home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/uploads/2022/09/speech-37806-1662357710-1.mp3): failed to open stream: No such file or directory in /home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/themes/news-theme/single.php on line 38
  • Прослушать

Молдованың бұрынғы президенті Игорь Додон түнде үйінің ауласында өрт шыққанын хабарлады. Өрт салдарынан терраса жанып кетті.

Бұл туралы экс-президент 4 қыркүйекте Telegram-каналында мәлімдеді.

«Түнде үйдің ауласындағы терраса өртеніп кетті. Өттің неден шыққаны белгісіз. Түннің қақ ортасында шұғыл түрде келіп, тілсіз жауды ауыздықтаған өрт сөндірушілерге алғысымды білдіремін», — деп жазды Додон.

Ол «түсініксіз оқиғаның себебін білу үшін» сарапшылардың қорытындыларын күтетінін айтты.

Додон 30 мамырдан бастап үйқамақта отыр. Оны пассивті сыбайлас жемқорлық, заңсыз баю, мемлекетке опасыздық жасау және саяси партияны қылмыстық ұйым қаржыландырды деп айыпталды.  Оған «қағаз қапшық» деп аталатын іске байланысты осындай айыптар тағылды.

Кремль Додонға қатысты қоғалған іске түсініктеме бере отырып, олар «РФ-мен достық қарым-қатынасты қолдайтындарды қудаланып жатқанына» алаңдаушылық білдірді.

Добавить комментарий