ҚР Қауіпсіздік кеңесінің отырысында ұлттық қауіпсіздік стратегиясы талқыланды

Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық қауіпсіздік стратегиясы бойынша қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді.

Кеңесте ұлттық қауіпсіздікке төнетін қатерлердің алдын алу жөніндегі іс-қимыл жоспарының орындалу мәселелері қарастырылды және оларды болдырмау бойынша шаралар қабылданды. Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр және мемлекеттік органдардың басшылары ұлттық қауіпсіздіктің жай-күйі мен қазіргі жағдайдағы сын-қатерлер мен қауіп-қатерлер туралы мәлімет берді.

Қазақстан Президенті қазіргі жағдайда сын-қатерлер мен ұлттық қауіпсіздікке төнетін қауіпке объективті баға беріп, тиісті шараларды әзірлеу қажет екенін атап өтті.

Жиын соңында ұлттық қауіпсіздікке төнетін қатерлердің алдын алу және ұлттық мүддені қорғау жүйелерінің тиімділігін арттыруға бағытталған шешімдер қабылданды.

Добавить комментарий