Өскемен әкімдігіне 273 мың қалам не үшін қажет

Өскемен әкімдігі қаламдрдың үлкен партиясын сатып алуға қатысты түсініктеме берді.

Әлеуметтік желі қолданушылары Өскемен қаласының әкімінің аппараты 4 млн теңгеден астам қаржыға шамамен 237 мың шарикті қалам сатып алуға конкурс жариялады деген жаңалықты қызу талқылап жатыр.

Қаламдарды тендер арқылы бір данасына 17 теңгеден сатып алды. Тендерді тараздық фирма ұтып алып, жазу құралдарын жеткізді.

Конкурс туралы ақпарат Instagram-дағы парақшалардың бірінде пайда болды. Содан кейін қала тұрғындары, барлық мемлекеттік қызметкерлер электронды жұмыс форматына көшкен болса, әкімдікке осыншама қаламның не керегі бар екенін түсіне алмай дал болды. Статистика комитетінің мәліметінше, Өскеменнің халқы шамамен 326 мың адамды құрайды, демек тұрғындардың басым бөлігі қатысатын іс-шараға осыншама қалам керек болады.

«Орталық сайлау комиссиясының ұсынысы бойынша біз сайлауға арнайы әрбір әлеуетті сайлаушы үшін шарикті қалам сатып аламыз. Адам сайлау учаскесіне келуі үшін күрделі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, ешкім пайдаланбаған қаламды пайдаланады. Сондай-ақ, біз учаскелерде санитайзерлер мен бетперделермен қамтамасыз етеміз», — деп түсіндірді ведомство.

Добавить комментарий