Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия қалалық және ауылдық мектептердегі оқушылардың бір бөлігін оқытудың дәстүрлі форматына көшіру туралы шешімді жариялады.
Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлағандай, ВАК бірқатар шешімдер қабылдады:
- Мектепте оқыту бойынша
- екінші тоқсаннан бастап қалалық және ауылдық мектептердің жұмысын 300 оқушыға дейін дәстүрлі форматқа көшірсін;
- ата-аналардың өтініші бойынша кезекші сыныптарда — 1-ден 5-сыныпқа дейін, халықаралық мектептерде — 7-сыныпқа дейін оқуға рұқсат етілсін.
Бұл ретте санитарлық-дезинфекциялық режимді, бетперде режимді, шахмат ретімен отырғызуды және әлеуметтік қашықтықты сақтау міндетті.