Ресей президенті Владимир Путиннің Украина аумағына баып кіру туралы шешімі қате болды, деп есептейді батыстық сарапшылар. «Соғыс қимылдары басталғалы 19 айдан өткеніне қарамастан РФ президенті Ресей әскерін Украина аумағынан шығаруға ниетті емес. Ол соғыс қимылдарын барынша ұзақ уақытқа созу үшін түрлі тәсілдер мен жолдарды іздестіріп жатыр, осылайша ол елді құрдымға жібермек. Мәселен, Ресей президенті әлемнен оқшауланған елдермен қарым-қатынасын нығайтып жатыр», — деп қорытындылайды саясаттанушылар.
Украинаның әскери сарапшылары Ресейде оқ-дәрі тапшы екенін айтып отыр. «Ресейде соғысты барынша қарқынды жүргізу үшін оқ-дәрі мен кейбір қару-жарақ жетіспейді. Соңғы бірнеше айдың ішінде Путин режимі қосымша оқ-дәрі немесе қару алу үшін әлемдегі оқшауланған режимдерден сұрап жатыр. Ресей бірінші кезекте Иран және Солтүстік Корея секілді елдермен әскери байланыс орнатуда. Мәселен, бірнеше күн бұрын РФ Қорғаныс министрі Сергей Шойгу Тегеранға сапармен барып, осы елмен байланысты нығайту үшін Иранның әскери қолбасшылығымен кездесті», — деп жазады олар.
Шойгудың Иранға сапары алдында Ресейге КХДР көшбасшысы Ким Чен Ын сапармен келген болатын. Путиннің Ким Чен Ынмен кездесуі достық жағдайда өтті. «Батыс БАҚ-тары екі мемлекет басшысының кездесуінде Украинадағы соғысқа оқ-дәрі жеткізу туралы шешім қабылданады деп күткен. Олар камера алдында бұл туралы сөз қозғамады, бірақ КХДР көшбасшысы Путиннің қолдауы туралы мәлімдеді «, — деп жазады шетелдік сарапшылар.
Сарапшылардың бұл мәселеге қатысты пікірі екіге жарылады, кейбіреулер Солтүстік Корея РФ-ға қару-жарақ жеткізеді деп санайды, ал басқасы Ким Чен Ын бұған батылы бармайды деп мәлімдеуде.

Фото: Сарапшылардың пікірінше, Ресейде Путиннің жүргізіп отырған саясаты қате
«Мәселе КХДР мен Ресей арасында қару жеткізу туралы келісімге келгені не келмегенінде емес. Ресейліктер елдің қаншалықты төмен деңгейге түсіп бара жатқанын түсінуі тиіс. Ресей экономикалық санкциялар мен дипломатиялық оқшаулаудан зардап шегуде, бірақ Путиннің әрекеті РФ-ға жыдылғанға жұдырық болып отыр. Солтүстік Корея, енді Ресейдің сүйікті одақтасы. КХДР-ға қатысты әлемдегі барлық санкциялар салынған. Бұл ретте мұндай санкциялар Ресейге, сондай-ақ КХДР-мен ынтымақтастық орнатқан Қытайға да қатысты салынған», — дейді батыс саясаттанушылары.
Олар Кремльдің «Иран және КХДР секілді елдермен әскери ынтымақтастық орнатуға немесе қарым-қатынасты нығайтуға әрекеттеріне байланысты өркениетті әлемдік қауымдастық жаңа санкциялар салуға және қолда бар санкцияларды қатаңдатуға мәжбүр етеді» деген қорытындыға келді. Сарапшылар «РФ-ның соғыстағы барлық проблемалары Путин режимін жоғарыда аталған елдермен ынтымақтастықты нығайтуға мәжбүр етеді, ал бұл Ресейдің осы мемлекеттерге одан әрі тәуелді етіп, ұзақ мерзімді перспективада теріс әсері болатынын білдіреді» деп мәлімдейді.
Сарапшылар Ресей билігі жариялаған достық қатынас орнатпаған елдердің тізімінде РФ жаулары артқанын айтып отыр. Мысал ретінде олар Норвегияның осы тізімге енгізілгенін және норвегиялық дипломатиялық өкілдіктер жұмысқа ала алатын жұмысшылардың санын шектегенін келтіреді.
«Көптеген жылдар бойы Кремль пропагандасы ресейліктерге елдің жаулары көп деп сендіріп келді. Бастапқыда АҚШ, содан кейін кейбір еуропалық мемлекеттер дұшпан ел болды, ал кең ауқымды соғыс қимылдары басталысымен Украина басты дұшпан болды. РФ елуге жуық мемлекетті достық қатынас орнатпаған мемлекет деп санайды. Бірақ соңғы 19 айдың ішінде белгілі болғандай, Путиннің өзі Ресей мен ресейліктердің басты жауы», — деп жазады саяси холдинг саласындағы украиналық сарапшылар.