Синоптиктер қалың тұман басады деп ескертті

19 ақпанда елордада және төрт облыста дауылды ескерту режимі жарияланды. Елдің батысында — көктайғақ болады.

Синоптиктердің болжамынша, Түркістан облысының солтүстігінде, сондай-ақ түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде тұман түседі.

Түнде және таңертең Нұр-Сұлтанда тұман түседі. Күн бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Оңтүстік бағытта соққан желдің күші 2-7 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -20… -22 °C, күндіз -6… -8 °C болады.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде тұман басады.

Түнде және таңертең Оралда тұман түседі.

Ақтөбе облысының солтүстігінде және Ақтөбеде тұман түседі.

Алакөл көлі ауданында оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Добавить комментарий