Қазақстан көлік кептелісі көп елдердің тізіміне енді

Қазақстанда жолдарда көлік қозғалысы шамадан тыс жүктеледі.

Көлік кептелісі бойынша ең нашар елдер рейтингінде Қазақстан 87 елдің ішінде 47-ші орында тұр. Елдегі көлік қозғалысы трафигінің индексі 133,9 болды. Индекс жұмысқа жұмысқа барып-келуге кететін уақытты, жұмысқа бару үшін ұзақ кететініе шағымдану, жол қозғалысы жүйесінің тиімсіздігін және CO2 тұтынуды бағалайды.

Рейтингке сәйкес, ҚР азаматтарының жұмысқа баруға кететін орташа уақыты бір жаққа 34,73 минутты құрайды. ҚР-дағы СО2 шығарындыларының индексі 4119,35 болды, бұл екі бағыттағы жұмыс сапары кезінде СО2 шығарындылары мөлшері.

ТМД елдерінің ішінде Қазақстанға қарағанда Ресей, Әзірбайжан және Украинаның көрсеткіштері нашар, Беларусьтің көрсеткіштері жақсы болып шықты.

Көлік кептелісі бойынша ең нашар елдер қатарында Нигерияда, Коста-Рикада және Шри-Ланкада көш бастап тұр, ең жақсы көрсеткіштер Австрияда, Финляндияда және Эстонияда тіркелді.

Биылғы қаңтар-шілде айларында көлік-логистика секторындағы негізгі капиталға инвестициялар 593,4 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 7,8% артық (нақты көлем 5,2%).

Жүктеменің басым бөлігі Алматыға тиесілі: 107,5 млрд тг, жылдық өсім — 65,2%. Одан кейін Алматы (64,1 млрд тг, минус 17,2%) және Атырау (56,5 млрд тг, плюс 97,1%) облыстары.

Сектордағы инвестициялардың ең аз көлемі жаңадан құрылған Ұлытау облысында, сондай-ақ Павлодар және Түркістан облыстарында тіркелді.

Добавить комментарий