Қазақстан Президенті БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссарымен кездесті


  • Warning: file_get_contents(/home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/uploads/2023/03/speech-50426-1679080444-1.mp3): failed to open stream: No such file or directory in /home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/themes/news-theme/single.php on line 38
  • Прослушать

Қасым-Жомарт Тоқаев Фолькер Тюркке ілтипат білдіре отырып, оның бұл сапары Қазақстан мен БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссарының басқармасы арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту үшін маңызды екенін атап өтті. Мемлекет басшысы еліміздің адам құқықтарын қорғау мәселесі бойынша тығыз қарым-қатынас орнатуға және ақпарат алмасуға дайын екенін мәлімдеді.

Қазақстан БҰҰ-ның негізгі конвенциялары мен хаттамаларының бәрін ратификациялады және ұлттық деңгейде адам құқықтары саласында өзара белсенді іс-әрекет механизмдері жасалды.

Жоғарғы комиссар Президенттің бастамасымен еліміздің қоғамдық-саяси өмірінде жүргізіліп жатқан өзгерістердің уақтылы қолға алынғанын атап өтті. Ол БҰҰ мен әлемдік қоғамдастықтың іргелі қағидаттарға негізделуі тиіс реформалардың ажырамас бөлігі ретінде азаматтардың құқықтарын қорғау маңызды екенін атап өтті. Биыл Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының қабылданғанына 75 жыл толуына орай Фолькер Тюрк атаулы датаны әлемде қалыптасқан қайшылықтарды еңсеру мүмкіндігі ретінде қарастыратынын айтты.

Добавить комментарий