Семей: жол апатынан ер адам қаза тапты

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Семейдегі аспалы көпір үстінде жантүршігерлік жол апаты болды.

Тәңірбергенов көшесінен көпірге қарай келе жатқан «LADA 21144» көлігін тізгіндеген жүргізуші қарсы жолаққа шығып кетіп «LADA Largus» көлігімен соқтығысып қалды.

Жол апаты салдарынан «LADA 21144» көлігінің жүргізушісі ауыр дене жарақатын алып, оқиға орнында қайтыс болды, 59 жастағы жүргізуші мен «LADA Largus» маркалы автокөлігінің 80 жастағы жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен Семей қаласына жедел медициналық жәрдем ауруханасына жатқызылды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бірқатар сот сараптамалары тағайындалып, соның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Добавить комментарий