Ақтөбе облысы әкімінің бұрынғы орынбасары 12 жылға бас бостандығынан айырылды

Нұр-Сұлтанда Ақтөбе облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Руслан Мамуновтың сот процесі аяқталды. Экс-шенеунік $1,2 млн көлемінде пара алғаны үшін 12 жылға бас бостандығынан айырылды.

Руслан Мамуновты Қостанай қаласының экс-әкімі Ахметбек Ахметжановтың туыстарынан заңсыз ақша алғаны үшін кінәлі деп тапты.

Мамунов бұл ақшаны 2016 жылы өте ірі мөлшерде пара алғаны үшін сотталған Ахметжановқа қатысты жазаны жеңілдету туралы келіссөз жүргізуге уәде берді. Алайда, Мамунов оған Қостанайдың экс-әкімінің әйелі мен ағасы берген ақшаға екі Lexus көлігі мен 2 бөлмелі Нұр-Сұлтаннан пәтер сатып алуға жұмсаған.

Нәтижесінде, 30 қыркүйекте сот оны кінәлі деп тауып, орташа қауіпсіз колонияда, 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындады. Сонымен қатар, сот екі автокөлік пен 2 бөлмелі пәтерді тәркілеуге шешім қабылдады.

Руслан Мамунов 2019 жылдың қараша айында Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары болды. Бұған дейін ол «Ақтөбе» ӘКК ҰК басқарма төрағасы болған және коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтер атқарған. 2020 жылдың ақпан айының соңында желіде шенеуніктің ірі пара алғаны үшін ұсталғаны туралы сыбыс пайда болды.

Добавить комментарий