Алматы: Автобустың үстінде отшашу атқан жасөспірімдер ұсталды

Алматылық полицейлер бұзақылық жасаған жасөспірімдерді ұстады. Оларға ҚР Қылмыстық кодексінің екі бабы бойынша айып тағылуы мүмкін екендігі хабарланды.

Жасөспірімдер автобустың үстінен отшашу атқан.

Алматыда жолаушылар автобусының үстінен отшашу атқан жасөспірімдер ұсталды.

Instagram-да бір топ жасөспірімнің автобустың үстіінен отшашуды атқаны көрсетілген видео пайда болды.

Жастар бұзақылық әрекетін мұқият жоспарлаған, деп хабарлайды полиция өкілі. Олар барлығы төртеу, арасында кәмелетке толмағандар да бар.

«Бастапқыда әрқайсысының рөлдері тағайындалған. Біреуі қоғамдық көлік жүргізушісінің назарын аударса, екіншісі — ұялы телефон камерасына не болып жатқанын түсіріп жатқан, тағы екеуі — тікелей орындаушылар, олар қоғамдық көліктің төбесіне шығып, отшашу ұйымдастырған. Аталған факті бойынша қылмыстық іс тергелуде. Бұзақылар автобус жолаушыларына нақты қауіп төндірді», — деді Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы Думан Аухадиев.

Автобус төбесінен секірген бұзақылыққа қатысушылардың бірі, басынан жарақат алғаны хабарланды.

Олардың барлығы ұсталды. Бұзақылықтан бөлек, жасөспірімдер «Елдi мекендерде атыс қаруынан, газды, пневматикалық, лақтырылатын және электрлі қарудан оқ ату, пиротехникалық бұйымдарды қолдану» бабы бойынша жазаланады.

Добавить комментарий