2022 жылдың 24 ақпанынан бастап Ресей тарапы Украина аумағында соғыс жүргізудің әртүрлі әдістерін қолданды. Дегенмен ресейлік әскерилердің негізгі әдісі Украина қалаларын қирату.
Путин режимі РФ бақылауындағы аудандарда Украина мемлекеттілігінің тұжырымдамасын жоққа шығаруда.
«Ресейліктерге соғыстың зардаптары бір адамның шешіміне байланысты туындағанын түсінетін уақыт келді. Бұл, атап айтқанда, соғыс алаңындағы туыстарының, достарының, жақын адамдарынан айырылуы, жұмыссыздық пен Ресейге қарсы салынған санкциялардың салдарынан күнкөріс деңгейінің төмендеуі, мемлекет тарапынан олардың құқықтары мен бостандықтарын одан әрі бақылауы мен шектеуі, ресейлік пропаганда үгіттеп жатқандай «игі істерге» алып келмейді. Ресей әскері Украина халқын босатпайды, соғыс НАТО тарапынан төнген қатерден туындаған жоқ. Бұл мәні жоқ соғыс Украина жерлерін басып алып, Украинаны мемлекеттіліктен айыруға көксеп отырған Ресей президентінің амбициясынан туындап отыр. Путин көздегеніне қол жеткізу үшін РФ-ны Солтүстік Корея немесе Иран сияқты әлемнен оқшауланған елге айналдырмақ», — деп жазады украиналық саясаттанушылар.
Түркия, БҰҰ, Украина және Ресей бірнеше ай бойы әлемдік азық-түлік дағдарысын болдырмау үшін Украинаның Қара теңіздегі порттарын бұғаттаудан шығаруға қатысты келіссөздер жүргізді. Келіссөздер барысында Ресей өзіне, әлемдік қоғамдастыққа тиімді шарттарды бірнеше мәрте ұсынды. Украиналық саясаттанушылар азық-түлік тапшылығы қару ретінде пайдаланылғанын айтып отыр. Нәтижесінде барлық тараптар арасында Украина астығын қауіпсіз экспорттау туралы келісімге қол жеткізілді. «Өз кезегінде Ресей аталған келісімге қол қойылғаннан кейін бір тәулік өтер-өтпес уақыт өткен соң Калибр зымырандарымен Одесса теңіз портына шабуыл жасады. Бұл бүкіл әлемдік қоғамдастықтың сынына ұшырады, кезекті рет РФ-ның беделін түсірді, сондай-ақ барлық әлемдік көшбасшыларға террорист мемлекетпен келіссөздер жүргізудің тиімсіз екенін кезекті рет аңғартады. Осылайша, Путин РФ-ны өркениетті әлемнен тағы бір қадамға алшақтатты. Айта кету керек, бұл Мәскеудің келісімдерге қатысты осылай жауап қатқаны таңсық емес. Мәселен, Брюссельдегі саммитте Еуропалық одақ көшбасшылары Украинаға ЕО мүшелігіне кандидат мәртебесін беруді қолдаған кезде РФ тарапынан Украина аумағына жаппай зымыран шабуылы жасалды», — деп мәлімдейді украиналық саясаттанушылар.
«Сондай-ақ, Мемлекеттілік күні ресейлік әскерилер Украинаға он шақты зымыранмен шабуыл жасады. Бұл Путин режимі бастаған соғыстың шынайы мақсатын тағы да көрсетіп отыр және Ресейдің өркениетті әлемнен алшақтатып, ресейліктердің болашағына балта шабуда», — деп жазады батыстық сарапшылар.