Қазақстанда малшылар күні тойланатын болды

Қазақстанда еңбек адамдарына арналған тағы бір мерекелік күн — малшылар күні аталып өтеді.

«Қазақстан Республикасындағы мереке күндерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31қазандағы №689 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мереке күндерінің тізбесі: мынадай мазмұндағы 14-1-тармақпен толықтырылсын: «14-1. Малшылар күні — маусымның екінші жексенбісі», — делінген Үкімет қаулысында.

Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

Добавить комментарий