
Қазақстанның Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов балабақшаларға қойылатын талаптарды күшейту қажет деп есептейді.
«Қазір біз бес бағыт бойынша жұмыс істеп жатырмыз — лицензиялауды қайтару, аттестациялаудан өткізу, мемлекеттік тапсырыстарды орналастыруға қойылатын талаптарды күшейту, кадрлық әлеуетін арттыру. Колледждер мен ЖОО-ларда мамандарды даярлау сапасын арттыру», — деп хабарлады Аймағамбетов бейсенбі күні.
Министр атап өткендей, лицензиялаудан, мемлекеттік бақылаудан, мониторингтен бас тарту жеке меншік балабақшалардың күрт өсуіне және үш жастан алты жасқа дейінгі балаларды бірден 99% -ға дейін қамтуға әкеп соқтырды. Балабақшалардың жартысы техникалық және санитарлық талаптарға сай келмейтін ғимараттарда, білікті мамандарсыз және қауіпті жағдайларда ашылған.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша — тексерістен өткен балабақшалардың 80%-ы мемлекеттік аттестациядан өте алмады.
Сондай-ақ, министрлердің айтуынша, әрбиешілердің жалақысы жыл сайын 25%-ға өскенімен, базалық жалақының аздығынан ол әлі де болса жеткіліксіз болып отыр. Қазір біз бірнеше балабақшада пилоттық жоба бастадық. Бұл жоба бойынша екі тәрбиеші жарты күн емес, күні бойы жұмыс істеп, екі есе жалақы алады.