Батыс БАҚ Украинадағы соғысты өткен жылы ресейліктердің алаңдаушылығын тудырған негізгі мәселе болғанын айтты.
Сондай-ақ, ресейліктер РФ-дағы мобилизацияға, ықтимал ядролық соғысқа, Ресей аумағына соғыс өрті тұтану қаупіне байланысты алаңдаулы. Бұған қоғамдық байланыстарды дамыту жөніндегі компанияның зерттеу нәтижесі дәлел.
«Ресейліктердің көбі «арнайы әскери операция» деп аталатын соғыс әрекетіне аразылық білдіріп отыр», — деп хабарлайды британдық барлау қызметі. Оның мәліметінше, ресейліктер арасында Кремль әскері мен арнайы операцияны қолдаушылар саны айтарлықтай азайғаны байқалады.
Олар өз сөздерінің дәлелі ретінде ресейліктердің басым бөлігі әскери борышын өтеуден жалтарып жатқанын келтіреді. Мәселен, олар көршілес елдерге қашып жатыр.
Осы айтылғандарды растау үшін бұйрықты орындамағаны үшін сот үкімімен 1 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылып, жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейтін Камчаткалық әскери қызметші Алексей Бреусовті мысал ретінде келтірсек болады. Хабарланғандай, Подмосковьеде Луганск облысынан қашып кеткен 8 мобилизацияланған адам ұсталды.
«Бір жағынан олар ел президентінің империялық қалауын орындау үшін қаза тапқан көптеген ресейліктерге қарағанда тірі қалады. Украина тарапының бағалауы бойынша Ресей әскері 100 000-нан астам адамынан айырылған», — деп жазады украиналық саясаттанушылар.
Путин әскери есепка алуды жақсарту үшін Цифрлық министрлікке және Федералдық салық қызметіне барлық әскери міндеттілер туралы мәліметтерді қамтитын ақпараттық ресурс құруды тапсырды. «Осылайша, ресейліктердің нақты орналасқан орнына толық бақылау болады және олардың азаматтық құқықтарын шектейді. Сондай-ақ Ресей президенті Ресей билігі мобилизация аяқталғанын мәлімдегеніне қарамастан, мобилизация мен әскерге жаңадан шақырылғандарды даярлауға қатысты жұмыс тобын құруды тапсырды», — дейді саясаттанушылар.
Сонымен қатар, РФ-да такси саласының жұмысын реттейтін жаңа заң қабылданғаны белгілі болды. Заңнамаға сәйкес таксиге тапсырыс беру қызметі ФҚҚ органдарына таксиге берілген тапсырыстарды сақтау, өңдеу және беру үшін пайдаланылатын ақпараттық жүйелер мен дерекқорларға автоматтандырылған қашықтықтан қол жеткізуді қамтамасыз етуге міндетті болады. «Аталмыш заңнама азаматтардың бақылауды одан әрі күшейгенін көрсетеді», — деп есептейді сарапшылар.
Мемлекеттік Дума депутаттары бірінші оқылымда «Ресейдің аумақтық тұтастығын даулайтын» географиялық карталарды таратқаны үшін бір миллион рубльге дейін айыппұл салуды немесе 15 тәулікке дейін қамауға алуды көздейтін заң жобасын мақұлдады.
«РФ-да қоғамды бақылау қатаң түрде қолға алынды, ал қабылданып жатқан заңдардың мақсаты Украинадағы соғысқа қатысты кремльдік ұстанымына қарсы адамдардың ауызына қақпақ болу», — деп қорытындылайды сарапшылар.