Батыс саясаттанушыларының пікірінше, Ресей мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынас нашарлап барады

Батыс саясаттанушылары Ресей мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынасына сызат түскенін хабарлады. Ал қос елдің басшылары бұнымен келіспейді

«Әрине, Қазақстан билігі РФ-ның іс-әрекетін ашық сынға алмайды, алайда ҚР-ның Еуроодақпен және АҚШ-пен белсенді және қарқынды ынтымақтастығы Ресейді сенімді серіктес әрі одақтас ел ретінде қабылдамайтынын көрсетеді», — дейді батыс сарапшылар.

Жоғарыда аталған факторлардан басқа РФ мен ҚР арасындағы өзара қарым-қатынасқа әсер ететін тағы бір фактор бар. Ресей қазақстандық билік қабылдаған шешімдерді әрдайым қолдай бермейді. Ресейлік БАҚ беттерінде әр түрлі мәселелерге қатысты сын айтылып жатады, мәселен, көше атауын өзгерту немесе қазақ тілін кириллицадан латын әліпбиіне көшіру.

ҚазКСР-де туып-өскен саяси қайраткер Владимир Жириновский қазіргі билік ел басшылығына келмей тұрып негізі қаланған қалалар мен көшелердің атауын өзгертпеу керек деп мәлімдеді.

РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавров ҚР-ның АҚШ азаматтарына визасыз режимді ұсынғанына байланысты наразылық білдірді. Қазақстан АҚШ-қа баратын азаматтары үшін мұндай құқық берілмегеніне қарамастан, АҚШ азаматтарына визасыз кіруге рұқсат берді.

Бұрынғы дипломат Қазбек Бейсебаев «Қазақстан тек АҚШ тұрғындарына ғана емес, [Еуразия экономика одағына кірмейтін] өзге бірнеше мемлекетпен визасыз режим орнатқан және ол бірнеше жыл бұрын болған. Дегенмен кіммен визасыз режим орнатам десе де, ол – Қазақстанның өзінің ішкі шаруасы».

Добавить комментарий