Сарапшылар Украинаның жоспарланып отырған қарымта шабуылына қатысты пікір білдірді


  • Warning: file_get_contents(/home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/uploads/2023/04/speech-51845-1681129679-1.mp3): failed to open stream: No such file or directory in /home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/themes/news-theme/single.php on line 38
  • Прослушать

Қазіргі таңда Ресей-Украина соғысы аясында ең көп талқыланып отырған тақырып — Украина Қарулы Күштерінің қарымта шабуылы. АҚШ Қорғаныс министрі Ллойд Остин Украина ресейлік күштердің әлсіреуі мен батыстық қару-жарақтың арқасында қарымта шабуылда жетістікке жетуге «өте жақсы мүмкіндігі» бар деп санайды.

Өз кезегінде аналитиктер мен сарапшылар Украина әскері көктемгі қарымта шабуылды қашан және қай жерде бастайтыны туралы әртүрлі болжам жасауда. Бұл тақырыпқа қатысты Украина Қорғаныс министрі Алексей Резников те пікір білдірген. Оның айтуынша, Украина әскери қолбасшылығы бірнеше бағыт бойынша қарымта шабуыл жасауды жоспарлап отыр және көктемгі-жазғы науқанды сәуір немесе мамыр айларында іске асыруды бастамақ.

Фото: Ресей армиясы Украинаның кең ауқымды әскери операциясына алғаш рет тойтарыс беруге тура келеді

«Бұл Ресей армиясына Украинаның кең ауқымды әскери операциясына алғаш рет тойтарыс беруге тура келетінін білдіреді, — деп мәлімдейді украиналық саяси технологтар. — Бұған дейін УҚК Харьков және Херсон бағыттары бойынша сәтті қарымта шабуыл операцияларын жүргізген еді. Бірақ ол кезде Ресей армиясы соғыс алаңының басқа учаскелерінде шабуыл жасаған, ал Украина әскері қысқа шабуылды жасау үшін ресурсы шектеулі болды, бұл классикалық қарымта шабуыл. Қазір жағдай мүлдем басқаша. Ресей әскері Украина армиясы шабуылдайтынын анық біледі, тіпті олар уақытша шеңбері мен географиясын да біліп отыр. Резниковтың сөзіне сенсек, онда УҚК-ның шабуылына санаулы апталар қалып отыр.

Қысқаша айтатын болсақ, жоғарыда айтылғандай, Ресей Қарулы күштері айтарлықтай әлсірген, ал РФ әскери қолбасшылығы, шын мәнінде, УҚК-ның шабуылына дайындалмады. Мәселен, РФ әскері байланыс пен барлау жұмыстары бойынша артта қалып отыр. Кремль артиллериялық оқ-дәрілер тапшылығы мәселесін шешпеген. Соңғы бірнеше айда РФ әскері оқ-дәрілерді барынша үнемдеу режиміне көшкен. Елдің оқ-дәрі ғана емес, бронетехникаға қатысты проблемалары бар. Орасан зор шығындардың салдарынан Ресей қоймалардан 1940-1950 жылдары шыққан ескі — Т-54/55 танктерін соғыс алаңына жіберіп жатыр. Айта кету керек, әскеирлердің әлсіреуі ресейлік басқыншылардың қысқы-көктемгі шабуыл науқаны аясында алға қойған мақсаттарына жете алмауына алып келді. Мәселен, олар Бахмут қаласын басып ала алмады, соңғы ақпарат бойынша олар небәрі 65% бақылауында ұстап отыр».

Фото: Ресей армиясы Украинаның кең ауқымды әскери операциясына алғаш рет тойтарыс беруге тура келеді

Украиналық аналитиктердің пікірінше, ресейліктердің қорғанысты тиімді ұстауға қауқарлы емес. «Армия сәтті қорғануы үшін қуатты инженерлік бекіністер желісіне арқа сүйеуі тиіс. Бірақ бұл мәселенің өзінде РФ әскері Украина әскерінен артта қалып отыр. Мәселен, ресейлік әскери блогерлер ресейлік әскерилер қазған окоптар мен блиндаждардың кемшіліктерін сынға алды. Олардың айтуынша, окоптар терең қазылмаған, тізерлеп жүруге тура келеді. Сондай-ақ окоптар тік қазылған. Егер жау күші мұндай окопқа кіретін болса, онда қиналмай оқ ата алады».

Украиналық БАҚ Қорғаныс ведомствосының мәліметіне сілтеме жасай отырып, Ресей әскері артиллерия тапшылығына байланысты соғыс алаңы маңында орналасқан украиналық әскерилер шоғырланған жерлерге шабуыл жасай алмайтынын, ал авиация украиналық әуе шабуылына қарсы қорғаныс желісін бұза алмайды деп хабарлайды.

«РФ армиясының зымыран соққыларының көмегімен Украинаның алдағы шабуылының логистикасын (техника сақталған қоймалар, ЖЖМ қоймалары, әскери техниканы жөндеу зауыттары) бұзу үшін проблемалары бар. РФ-ның зымыран қоры Украинаның маңызды энергетикалық инфрақұрылымына қыстағы зымырандық атқылау кезінде айтарлықтай азайғаны бәрімізге белгілі. Енді зымыран шабуылын (60-80 дана) жасау үшін Кремльге кем дегенде үш апта зымыран жинау керек», — деп есептейді әскери сарапшылар.

«Егер УҚК өз жоспарларын жүзеге асырып, сәтті шабуыл жасаса, бұл Ресей әскерінің рухын түсіріп, Украинаның ұрыс алаңындағы басымдықты толықтай өз қолына алатынын білдіреді», — деп сенеді өз аты-жөнін атағысы келмеген киевтік саясаттанушылар.

Добавить комментарий