Сарапшылар: Ресей әскерлері Бахмутты жақын арада қоршауға ала алмайды

Соғысты зерттеу институты (ISW) жағдайға талдау жасап, Ресей әскерлері жақын арада Бахмутты қоршауға ала алмайды деген қорытындыға келді. Ресей әскерлері Бахмуттың кейбір аудандарында позициялық басымдыққа ие, бірақ әлі Украина әскерлерін кері шегінуге мәжбүр еткен жоқ және жақын арада қаланы қоршауға ала алмауы мүмкін.

Сарапшылардың бағалауынша, Бахмуттағы ресейліктер баяу алға жылжуда және Ресей әскерлері Бахмутты жақын арада қоршауға алады деп есептеуге негіз жоқ, оның үстіне олар қаланы тікелей шабуылдап қана қоршауға алса болады. Ресейліктер украиндықтардың шегіну жолдарына қа төндіру үшін солтүстік-шығыстан келетін маңызды жер үсті коммуникацияларына айтарлықтай жақын жылжыды.

Алайда, Украина күштері Бахмуттан жауынгерлік күштерін шығару жолдарын жасауы мүмкін. Сарапшылар сондай-ақ Ресей әскерлері жақындағы Угледар түбіндегі үш апталық шабуыл кезінде орасан зор шығынға ұшырағанын, бұл ресейлік әскерилердің осы бағытта жетістіктерге жетуіне кедергі келтіретінін атап өтті.

Добавить комментарий