Бастрыкин РФ-ның жаңа азаматтары әскери борышын өтеуі тиіс деп санайды

РФ Тергеу комитетінің басшысы Александр Бастыркин Ресей азаматтығын алған Орталық Азия мен Закавказье елдерінің тумалары міндетті түрде әскери борышын өткеріп, бірінші кезекте АӘО-ға қатысу үшін жіберілуі ктиіс екенін жария түрде мәлімдеді. «Соңғы бес жылда Орта Азия мен Закавказье елдерінен келген миллионнан астам адам ел азаматтығын алды, оның ішінде Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінің бұрынғы 550 тұрғындары да бар.

Былтыр, 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында аталған елдердің 60 мыңнан астам тұрғындары Ресей азаматтығын алды, демек оларды қабылдаған елдің құқығын ғана емес, оны қорғау жөніндегі конституциялық міндетті арқалады», — дейді ТК басшысы «Российская газет » газетіне берген сұхбатында. Бұл ретте, басқа да елдердің қанша тұрғындары Ресей федерациясының азаматтығын алғаны және неліктен олардың бірінші кезектегі мобилизация тізіміне енгізілмегені нақтыланбады.

Батыстың әскери сарапшылары Бастыркиннің мәлімдемесін Ресей саясаткерлерінің мобилизация сәтсіз жүргізілгенін мойындауы деп бағалап отыр. «Азаматтық алған мигранттарды АӘО-ға қатысуға міндеттеу ниеті РФ-да еріктілердің жетіспеушілігі мен ресейліктерді Украинаға жібергісі келмейтінін, ал соғыс алаңындағы орасан зор адам шығындарын Орталық Азия елдерінің тумаларымен және РФ-ның байырғы халықтарымен толтыратынын білдіреді.

Бұл Шойгу мәлімдеген РФ ҚК-ның санын 1,5 млн-ға дейін көбейту, 21-30 жастағы әскерге шақырту жасындағы ер азаматтарды әскерге тартуға және Кремльге керегі жоқ ұлттық азшылық өкілдерін этникалық тазалауды жүргізу туралы туралы жоспарларын іске асыруға мүмкіндік береді», — дейді батыстық әскери мамандар. «ОА елдерінің мигранттары Ресейде жеделдетілген процеспен азаматтық алу және тиімді шарт бойынша жұмысқа орналасу туралы ұсыныстарды қарамас бұрын бірден әскерге шақырылып, жедел процедура бойынша Украинаға ұрыс қимылдарына қатысу үшін жіберілуі мүмкін екенін түсінуі тиіс», — деп ескертеді украиналық саясаттанушылар.

Сонымен қаатр, Орталық Азия елдерінің билігі өз азаматтарына ОА елдерінің төлқұжатымен шетелдегі ұрыс қимылдарына қатысқаны үшін жазаланатынын еске салады.

Добавить комментарий