Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның шақыруымен Анкараға жұмыс сапарымен келді. Тоқаевтың қатысуымен өтетін Түркі мемлекеттері ұйымының кезектен тыс саммитінің басты тақырыбы табиғи және техногендік апаттар жағдайында гуманитарлық көмек көрсету мәселесі болады. Сапар барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайып Ердоғанмен кездесу өткізеді деп жоспарлануда.