Сарапшылар Путин үшін мобилизацияның екінші толқынын өткізу қауіпті деп санайды

Ресей армиясы Украинадағы соғыста айтарлықтай шығынға ұшырап жатыр, деп хабарлады батыс барлау қызметі. «Қазіргі таңда қаза тапқан ресейлік сарбаздардың саны күн сайын артып келеді.

Украина тарапының мәлімдемесіне сәйкес, белгілі бір уақыт аралығында РФ әскері майданның жекелеген учаскелерінде Украина Қарулы Күштерінің жақсы жабдықталған позициясына толассыз шабуыл жасап, ресейлік басқыншылар күніне шамамен 1000-нан астам адамынан айырылды», — делінген украиналық ашық ақпарат көздерінде.

Сарапшылардың пікірінше, мұндай тенденция Кремльді соғыс алаңына адам ресурстарын жіберуге мәжбүр етті. Осы тұрғыда Владимир Путинге адам ресурстары соғыстың барысын өзгерту үшін емес, бірінші кезекте соғысты барынша ұзаққа жалғастыру үшін қажет. Қалыптасқан жағдайда Ресей үкіметі үшін мобилизацияны жариялау жалғыз шешім болады, деп есептейді батыстық саясаттанушылар.

Фото: Саяси технологтар Ресей президенті жаппай мәжбүрлі мобилизациядан бас тарту туралы шешім қабылдады деп есептейді

Саясаттанушылар РФ-да мобилизацияның жаңа легі бірнеше аптаның ішінде жариялануы мүмкін екені қыс бойы хабарлаған болатын, бірақ олай болмады. Оның үстіне, РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков жақында айтқан мәлімдемесінде Кремльде мобилизацияның екінші легін жариялау мәселесі тұрмағанын айтты.

«Кремль мобилизацияның жаңа легін жарияламаса да, ресейліктерді әскерге алып кетіп жатыр, — деп жазады батыстық саясаттанушылар. — Бұған РФ-ның көптеген облыстарында белсенді түрде әскерге шақыру қағаздары жіберіле бастағаны дәлел».

Ресейде әскерге көктемгі әскерге шақыру басталғаны жарияланды, сонымен қатар шақыру қағаздары «әскери есеп деректерін өзектендіру» немесе әскери жиындарға шақыру үшін жіберіліп жатыр-мыс. Батыс барлау қызметінің пікірінше, Путин бір жыл ішінде Украинадағы соғысқа жіберу үшін тағы да 400 мың келісімшарт бойынша қызмет ететін әскери қызметкерді жұмылдыруды жоспарлап отыр.

Фото: Саяси технологтар Ресей президенті жаппай мәжбүрлі мобилизациядан бас тарту туралы шешім қабылдады деп есептейді

«Путин режимі агитация мен пропаганда арқылы өз азаматтарын соғысқа аттандыру үшін көндірмек. Айта кетерлігі, Кремль 400 мың ресейлік жұмылдырса да, соғыстың барысын өзгерту үшін бұл көрсеткіш жеткіліксіз болады. Аталып өткендей, Путин шығындардың орнын толтырып, соғысты барынша ұзаққа жалғастырмақ», — дейді батыстық әскери сарапшылар.

Саяси технологтар Ресей президенті жаппай мәжбүрлі мобилизациядан бас тартып, ауқымды үгіт-насихат науқаны арқылы еріктілердің жаппай рекрутингілау туралы шешім қабылдады деп отыр.

Олардың пікірінше, «Путин мобилизацияның жаңа толқыны өзінің ел ішіндегі беделін төмендетіп, ресейліктердің жаппай наразылығын тудырып, соның салдарынан бүкіл ел бойынша жаппай наразылық шарасы белең алуы мүмкін деп қорқады. Жағдайдың осылай өрбуі — оның билігіне төнетін тікелей қауіп. Қазіргі таңда Путин режимі үшін мобилизация — бұл қорқынышты және қауіпті перспектива».

Батыстың әскери сарапшылары Украина барлау қызметіне сілтеме жасай отырып, «Украина әскері Ресейге ауыр соққы жасап, жеңіліске ұшыратқаннан кейін РФ-да мобилизацияның алғашқы легі жарияланды: қысқа уақыт ішінде Харьков облысын толық дерлік өз бақылауына алды.

«Ресей президенті әскерді адам ресурстарымен толтыру үшін мобилизация жариялауға және сол арқылы соғыс алаңындағы позицияларын нығайтуға мәжбүр болды. УҚК қарымта шабуылға белсенді дайындалып жатқанын ескеретін болсақ, Украинаның қарымта шабуылы нәтижелі болуы әбден мүмкін. Сонда Путинге саяси қауіпті елемей, мобилизацияның екінші толқынын жариялауға тура келеді», — деп отыр әскери іс саласындағы батыстық мамандар.

Украина әскерінің қарымта шабуылы сәтті өтетін болса, Путин кез келген уақытта шекараны жауып, мобилизация жариялауы мүмкін, деп сенеді олар. «Қазіргі таңда Ресей президентінің қабылдауы мүмкін ықтимал шешімдері бірінші кезекте УҚК-ның соғыс алаңындағы сәтті болып-болмауына байланысты», — деп жазады батыстық сарапшылар.

 

Добавить комментарий