Батыстық сарапшылар саясатқа қызығушылық танытпау қауіпті деп мәлімдеді

Фридрих Эберт атындағы қордың ресейлік жастардың көзқарастары мен құндылықтарына жүргізген түрлі әлеуметтік сауалнамалары мен зерттеулердің нәтижесі көрсеткендей, Ресейде жастар (35 жасқа дейінгі азаматтар) саясатқа қызығушылық танытпауда, оны жақсы түсіне бермейді және іс жүзінде саясатқа араласпайды. «Жарқын болашақ» құруда мемлекеттің берік іргетасы болатын жастар саяси белсенділіктің флагманы екенін айта кеткен жөн. Ресейліктердің аға буынында да саясатқа қызығушылық төмендеуде», — деп мәлімдейді батыстық сарапшылар.

Ресей қоғамындағы бұл тенденция қазіргі президенттің қолынан жасалды, деп есептейді еуропалық сарапшылар. «Владимир Путин билік басына келгелі бері ресейліктер мен билік арасында «халық саясатқа араласпайды — билік азаматтарға тиіспейді» деген қағыдатты қалыптастыру үшін қолыннан келгеннің бәрін жасады (тәуелсіз БАҚ-ты жапты, ресейліктерге саясатты қызықсыз әрі тартымсыз қылды және т.б.). Айта кетерлігі, мұндай жағдай Путин режимі үшін өте тиімді. Мәселен, Конституцияны қайта жазуға мүмкіндік береді, бұл жерде президенттік мерзімін жаңарту туралы сөз болып отыр. Белгілі болғандай, Ресейде федералдық заңға белгілі бір түзетулер енгізілді, оған сәйкес қолданыстағы президенттің 2024 және 2030 жылдары тағы да екі рет сайлауға түсуге мүмкіндік берді. Путин президенттік қызметін асыра пайдалануы қалыпты жағдай болып кеткен», — деп мәлімдейді украиналық саясаттанушылар.

Батыстық сарапшылар азаматтардың саясатқа қызығушылық танытпауы мемлекет үшін қауіпті деп санайды

Олардың пікірінше, Путиннің Украина аумағындағы соғыс қимылдары туралы шешімі ресейліктердің саясатқа деген қызығушылығын оятқан секілді, бұл қоғамның саясатқа белсене араласуға үлкен ықыласын тудыруы мүмкін. «Бірақ олай болған жоқ. Ресей әскері тәуелсіз мемлекетке баса көктеп кіргеннен кейін, бір ай өтер-өтпес уақытта қоғамның арнайы операцияға деген назары төмендеді. Ресейліктер болып жатқан оқиғаларға кінәлі сезінбеу үшін саясатқа араласпай отырғанын алға тартуда. Осылайша, Ресей қоғамы жоғарыда айтылғандай «бұл бізге қатысты емес» деген қағидат бойынша өмір сүруде. Айта кетерлігі, бірнеше айдан ішінде «ойын ережесі» өзгерді. Белгілі бір уақыттан бері бұл принцип қолданылмай қалды, оны Путиннің өзі құртты .РФ-ның Украинаға баса көктеп кіруі ресейліктердің бейбіт өмірі бұзылды (көптеген мемлекеттермен әуе қатынасы шектелді, көптеген елдер ресейліктерге виза бермеді, үйреншікті интернет сервистері қолжетімсіз болды, түрлі брендтік дүкендер жабылды). Не дегенмен, осыларсыз ар қарай да өмір сүруге болады. Бірақ Путиннің қыркүйек айында мобилизация жариялау туралы жарлыққа қол қою туралы шешімі бейбіт тұрғындардың өміріне нақты қауіп төндіруі мүмкін. Қыркүйек айынан бастап кез-келген ресейліктің қанды соғыс аттануына ешқандай кепілдік жоқ.

Батыстық сарапшылар азаматтардың саясатқа қызығушылық танытпауы мемлекет үшін қауіпті деп санайды

Осылайша, саясатқа қызығушылық танытпау жекелеген ресейліктер үшін ұтымды стратегия болып көрінді. Ешқандай қауіп-қатер төнбеді және сәйкесінше ешнәрсеге басып қатырып, уайымдамады. Енді ресейліктер саясатқа араласпаса, соғысқа аттанып, жер жастануы мүмкін. Соғыс әлі аяқталмағанымен Ресей армиясының шығындары орасан зор және ерте ме, кеш пе олардың орнына жаңа сарбаздар әкелу қажет болады. Ресейліктер саяси белсенді болудың қалыпты екенін түсінуі керек. Саясатқа қызығушылық танытпаудың салдары бар. Сасатқа қызығушылық танытпау тек өзіне емес, оның отбасына, достарына және тағы басқаларына қауіпті», — дейді батыстық саясаттанушылар.

Добавить комментарий