2022 жылдың наурыз айының басынан бастап Еуроодақ пен АҚШ Ресейге қымбат автомобильдерді экспорттауға тыйым салатын санкциялар салынғанына қарамастан, елге жалпы сомасы $229,6 млн болатын кем дегенде 1319 элиталық машина жіберді. Бұл «Верстка» басылымы РФ Федералдық кеден қызметінің жабық мәліметтеріне сілтеме жасай отырып хабарлады.
«Санкция салынғаннан кейін автокөліктерді әкелу айтарлықтай қысқарды: 2022 жылдың тоғыз жарым айымен салыстырғанда ресейлік кеден арқылы құны $100 мың болатын 378 көлік жеткізілді. Алайда 2023 жылдан бастап көлік жеткізу ағыны қайта жанданып, қазан айының ортасына дейін елге кем дегенде 941 көлік келді», — делінген хабарламада.
Басылым 12 компанияның құны $100 мыңнан асатын көліктері Ресейге жеткізілгенін анықтады. Land Rover (551 автокөлік), Mercedes-Benz (226) және Porsche (177) көш бастап тұр.
«Верстка» басылымы 100-ден астам BMW, Audi және Toyota маркалы көлік жеткізілгенін, сондай-ақ Lamborghini және Ferrari сынды 42 суперкар Ресейге жеткізілгенін хабарлады. Ең қымбат автокөлік Ferrari 812 Competizione $534 мың тұрады.
Атап өтілгендей, көлік көбінесе үшінші елдердегі, соның ішінде Қырғызстан, Түркия, БАӘ және Беларусь елдеріндегі делдалдар арқылы жеткізіледі.