Беларусь қазақстандық жүк көлік жүргізушілері үшін «жасыл» дәліз ұйымдастыруға уәде берді

Беларусь билігі Украина аумағында қалып қойған қазақстандық жүк көлік жүргізушілері үшін «жасыл» дәліз ұйымдастыруға уәде берді.

Ол үшін жүк көлік жүргізушілері тез арада Қазақстанның Беларусьтегі Елшілігіне шұғыл байланысқа шығу керек.

Беларусь Украина-Беларусь шекарасындағы өткізу пункттерін ұсынуға және Украинада қалып қойған қазақстандық жүк көлік жүргізушілері үшін «жасыл дәліз» ұйымдастыруға дайын. Беларусьтегі өткізу пункттері:

«Александровка» (Украина жағынан «Вильча»);

«Жаңа Рудня» (Украина жағынан «Выступович»).

«Қазақстанның Беларусьтегі елшілігі Беларусь өткізу пункттерінде шекарадан кедергісіз өтуге толық көмек көрсетеді. Осыған байланысты Украина-Беларусь шекарасын кесіп өтуді жоспарлап отырған қазақстандық көлік құралдарының тізімін, қай өткізу пунктінен және шекарадан өтетін уақытын көрсетілген шұғыл жіберуді сұраймыз», — делінген Беларусьтегі Қазақстан Елшілігінің хабарламасында.

Мәселелерді жедел шешу үшін Елшілікте жауапты қызметкерлер анықталды:

ҚР-ның БР-дағы елшілігінің кеңесшісі: М.Ж. Бейсенов (тел) +375 (17) 276-01-23;  ұялы.тел.:+375(44)788 38 77 (WhatsApp, Telegram, Viber).

Минск қаласындағы консул Князбаева А.Б. (тел) +375 (17) 276-01-08; ұялы.тел.:+375(44)740 10 78 (WhatsApp, Telegram, Viber).

Брест қаласындағы консул: Шалбаев А.Е. (тел) +375 (25) 511-11; ұялы .тел.+7 701 933 74 47 (WhatsApp, Telegram, Viber).

Сондай-ақ, Киев- Львов бағыты бойынша эвакуация үшін қазақстандықтардың жаңа тобын құру үшін дипломаттар Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігімен байланысқа шығуын сұрайды:

мекен-жайы — Ю.Ильенко, 26;

байланыс нөмірлері: +38 (044) 483-15-96, +38 (067) 347-04-08.

Өзекті ақпаратты Елшіліктің әлеуметтік желілері мен мессенджерлерінен бақылауға болады:

«Инстаграм» – @kazembukr;

«Фейсбук» – KazEmbassyUkr;

Телеграм» – t.me/KZembassyinUKR.

Добавить комментарий