Румыниялық парламентарий Ресей елшілігіне барғаны үшін жазаланды

Румыниялық парламентарий Думитра Коарнэ Ресей елшілігіне барғаны үшін партия қатарынан шығарылды. Енді ол тәуелсіз депутат ретінде жұмыс істейтін болады

Бухаресттегі РФ елшілігіне барған Әлеуметтік-демократиялық партияның (ӘДП) депутаты Думитру Коарнэ ӘДП қатарынан шығарылып, енді тәуелсіз депутат ретінде жұмыс істейтін болады, деп хабарлайды Agerpres агенттігі.

«Коарнэ қызыл сызықтан өтті деп ойлаймын, — деп агенттік ӘДП жетекшісі Марчел Чолакудың сөзін келтіреді. — ӘДП мүшесінің Ресей елшілігіне баратындай ісі жоқ. Біз Коарнэмен сөйлескен жоқпыз, оның РФ елшілігіне баруға аргументі жоқ».

Румынияның төрт парламентшісі — оппозициялық «Румын бірлестігі үшін Альянсының» бұрынғы үш мүшесі және басқарушы ӘДП коалициясының бір депутаты 30 наурызда Бухарестегі РФ елшісі Валерий Кузьминмен кездесті, оған «Румынияның бейтараптық ұстанымын» айтып, РФ мен Украина арасында бейбіт келіссөздер жүргізуді ұсынған. Әлеуметтік-демократиялық партияның басшысы Чолаку аталған кездесуге қатысқан парламентарийдің ӘДП қатарынан шығарылуын талап ететінін мәлімдеді.

Добавить комментарий