Польшаға қарай мыңдаған мигрант жол тартты

Мыңдаған мигранттар Беларусь шекарасын кесіп өтіп, Польшаға қарай бет алды, Гродненск облысындағы жолдарда бақылау алынып тасталды.

Агенттіктің хабарлауынша, орман алқабында орналасқан мигранттар Германияға қарай жол тарттуды жоспарлап отыр.

Беларусь бұл жағдайға қатысты түсініктеме берді

Беларусь мемлекеттік шекара комитеті босқындар Польшамен арадағы шекараға қарай бет алғаны туралы ақпаратты растады. Ведомствоның ресми өкілі Антон Бычковский атап өткендей, топта мыңға жуық адам бар.

Шекара комитеті хабарлағандай, Беларусь тарапы автомагистраль бойымен жүріп бара жатқан адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қолдануда.

2021 жылдың жаз айында Белорусьтен Литва мен Польшаға заңсыз мигранттар ағыны күрт өсті. Бұл ретте республика президенті Александр Лукашенко мамыр айының соңында ел заңсыз мигранттардың жолында тосқауыл болғанын мәлімдеді, алайда Минск батыс елдерінің қысымы аясында олардың жолына тосқауыл қою керек пе деп ойланатынын айтты.

Қазан айының басында Беларусь парламентінің төменгі палатасы бірінші оқылымда Еуроодақпен реадмиссия туралы келісімді тоқтату туралы заң жобасын қабылдады. Бұл шешім ЕО елдері енгізген санкциялар мен шектеулер аясында осы құжат шеңберінде өз міндеттемелерін орындау мүмкін еместігімен түсіндірілді.

Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен Еурокомиссия ЕО шекарасында тікенекті сымнан жасалған тосқауыл тұрғызуды қаржыландырмайтынын мәлімдеді, бұны шығыс еуропалық елдер талап етіп жатыр.

 

Добавить комментарий