Флорида штатының (АҚШ) аспанында екі ұшақ соқтығысты. Екі адам қаза тапқаны туралы хабарланды.
Әуе апатын тергеумен айналысатын Полк округі бойынша шерифтің басқармасы құрбан болғандар көбеюі мүмкін екенін жоққа шығармайды, деп хабарлайды ABC телеарнасы.
Ұшақ апаты көлдің үстінде орын алды, ұшақтардың қалдықтары суға түсті. Соқтығысу себептері анықталып жатыр.