Роскосмос Киевке көмектесіп жатқан елдермен әріптестік орнатудан бас тартты

Роскосмос мемлекеттік корпорациясының Бас директоры Дмитрий Рогозиннің айтуынша, Батыс елдерімен жобалар моральдық-этикалық себептерге байланысты тоқтатылды.

Роскосмостың Бас директоры Дмитрий Рогозин мемлекеттік корпорация Киевке қару-жарақ жеткізіп, Украинаға саяси қолдау көрсетіп жатқан елдермен әріптестік орнатпайтынын мәлімдеді.

«Роскосмос Батыс елдерімен бірлескен жобаларды тоқтатты. Моральдық-этикалық себептерға байланысты. Киевтік фашистік хунтаға қару-жарақ пен нұсқаушылар жеткізетіп, сондай-ақ саяси қолдау көрсетіп жатқан елдермен ешқандай әріптестік орнатпаймыз. Ешқандай», — деп жазды Рогозин өз Telegram-арнасында.

Добавить комментарий