Қазақстандық ЖОО студенттерінің шәкіртақысы өседі

Білім министрлігі қазақстандық студенттердің шәкіртақысы өседі деп хабарлады. Осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап 20%-ға көтерілетін болады.

Педагогика мамандарын даярлау бағыты бойынша оқитын студенттер 58 мың теңгеден астам, басқа бағыттар бойынша білім алатындар 37 мың теңгеге жуық шәкіртақы ала бастайды.

Магистранттар мен докторанттарға шәкіртақы 15%-ға өседі,

««Осы жылдың қыркүйек айынан бастап студенттердің стипендиясы тағы да 20%-ға өседі. Мысалы, педагогика мамандарын даярлау бағыты бойынша оқитын студенттер 58 мың теңгеден астам, басқа бағыттар бойынша білім алатындар 37 мың теңгеге жуық шәкіртақы ала бастайды. Магистранттардың шәкіртақысы 86 987 теңгеге дейін, докторанттардың шәкіртақысы 195 000 теңгеге дейін өседі», — деп хабарлады БҒМ Жоғары және Жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев.

2021 жылдың қыркүйек айында бакалаврлар стипендиясының мөлшері 20%-ға, магистранттар мен докторанттар стипендиясының мөлшері 15%-ға артты. Осылайша, 2021 жылдың қыркүйегінен бастап студенттердің шәкіртақысы 31 423 теңгені, магистранттардікі – 76 950 теңгені, докторанттардікі – 172 500 теңгені құрады.

Добавить комментарий