Әкімдіктен шара қабылдауды сұрайды: бұқа зейнеткерлерді сүзді

Сарыөзекте көшеде жайылып жүрген бұқа екі зейнеткерді сүзді. Салдарынан егде жастағы әйел ауыр жарақат алды.

«Кеше 2 тамызда Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылында төтенше жағдай болды: көшеде жайылып жүрген бұқа 70 жастағы екі зейнеткерді сүзді, салдарынан әжейдің жамбас сүйегі сынып, ауруханаға түсті», — делінген хабарламада.

Тұрғындар бұған дейін аудан билігіне ескерту жасағанын, олар ешқандай шара қабылдамағандықтан оқыс оқиға орын алғанын айтып отыр.

«Бұл мәселе бойынша аудан билігіне жүгінгенбіз, бірақ әзірге ешқандай шара болған жоқ», — деп толықтырды олар.

Добавить комментарий