Бүгін Челябинск маңында апатқа ұшыраған тікұшақ ФҚҚ-ға тиесілі екені белгілі болды.
Бұл туралы облыстың губернаторы Алексей Текслер хабарлады.
«Челябі облысы Сосновск ауданы Красное поле ауданында Ми-8 тікұшағы апатқа ұшырады. Тікұшақ ФҚҚ әуе жасағына тиесілі болған. Тұрғындар, тұрғын үйлер зардап шеккен жоқ. Оқиға орнында арнайы қызметтер жұмыс істеп жатыр, оларға қажетті көмек көрсетіп жатырмыз», — делінген өңір басшысының мәлімдемесінде.
Алдын ала мәліметтер бойынша, экипаж мүшелері апат салдарынан қаза тапты. Тікұшақ бортында 3 адам болған.
Текслер қаза тапқандардың туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтты.
Бұған дейін ТЖМ баспасөз қызметі апат орнында экипаж мүшелерінің денесі табылғанын хабарлаған болатын.