Автобуста антифриз құбыры жарылып, жүкті әйел күйіп қалды

№4 автобустың антифриз құбыры жарылуы салдарынан күйік шалған екі жолаушының жағдайы белгілі болды.

«№4 қалалық ауруханаға жатқызылған науқасты қабылдау бөлімінің дәрігерлері қарады. Алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, ұсыныстар берілді. Әрі қарай оны амбулаториялық деңгейде тұрғылықты жері бойынша емханаға бақылайды. Екінші пациент ауруханаға жатқызудан бас тартты. Екеуінің де жағдайы орташа», — деп хабарлады ҚДБ өкілі.

Бұған дейін әлеуметтік желіде 11 тамыз күні, таңғы сағат 10:00-де №201 маршруттағы автобустың антифриз құбыры жарылып екі жолаушыны, оның біреуі — жүкті әйелді күйік шалғаны белгілі болды.

Добавить комментарий