Шымкент: Бір жасар бала бассейнде суға батып кетті

Кеше Шымкентте бір жасар сәби бассейнге батып кетті. Қайғылы оқиға Абай ауданы Қызылжар шағын ауданында болған.

Жеке үйдің ауласында 2021 жылы туған бала бассейнге құлап, суға батып кетті, деп хабарлайды OTYRAR.

Алдын ала болжам бойынша, бала аулада қараусыз қалған, ата-анасы қасында болмаған. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Айта кетерлігі, шілде айының басынан бері бұл екінші оқиға. 4 шілдеде жеке бассейнде 6 жасар бала суға батып кетті. Осыған байланысты Шымкент қаласының ТЖ департаменті сақтық шараларын еске салды!

Жағажайлар мен бассейндердегі сақтық шаралары:

  • Құтқарушылар бар ресми жағажайлар мен бассейндерде және олардың жұмыс уақытында ғана шомылыңыз.

  • Балаларға судың жанында ересек адамның қарауынсыз бір минутқа қалуға мүмкіндік бермеңіз!

  • Нәрестелер мен 5 жасқа дейінгі балалар анатомиялық ерекшеліктеріне байланысты суға батуға бейім. Олардың денесімен салыстырғанда басы салыстырмалы түрде ауыр, ауырлық орталығы жоғары, сондықтан олар бассейнде, теңізде, ваннада және т.б. оп-оңай суға батуға мүмкін.

  • Құтқару шеңберлері, үрленетін камералар жалған қауіпсіздік сезімін оятады. Есіңізде болсын, бұл құрылғылар баланы батып кету қаупінен толық қорғауды қамтамасыз етпейді».

Добавить комментарий