Ресейлік әртіс жазаны ауыстыру туралы өтінішін қарастырмауды сұрады

Ресейлік актер Михаил Ефремов бас бостандығынан айыру жазасын мәжбүрлі еңбекке тарту жазасына ауыстыру туралы оның өтінішхаты бойынша жұмысты тоқтатуды сұрады.

Осы өтінішхат бойынша отырысты 17 ақпанда өткізу жоспарланған болатын.

Қаңтар айында жол апатынан қаза тапқан Сергейдің ағасы Валерий Захаровтың әйелі актердің бәрін кінәсін түсініп, сабақ алғанына сенім білдірді. Ол сондай-ақ, ақшалай өтемақы қаза тапқан адамның отбасына толығымен төленгенін атап өтті.

Ефремовтың қатысуымен болған жол апаты 2020 жылдың 8 маусымында Мәскеудегі Смоленск алаңында орын алды. Оның көлігі қарсы жолаққа шығып кетіп, «Лада» маркалы фургонымен соқтығысқан. Фургонның жүргізушісі Сергей Захаров қайтыс болды. Актер жол апаты кезінде мас күйде болған, оның ағзасында да есірткі заттарының іздері табылған. Ол 7,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Добавить комментарий