
Павлодар облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы мемлекеттік қызметтің беделін түсіргені үшін жұмыстан босатылды. Бұл туралы Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.
“Мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін Ринат Қойсоймасов Павлодар облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы қызметінен босатылды”, – деп хабарлады Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметінен.
Естеріңізге сала кетейік, Ринат Қойсоймасовты жұмыстан шығаруды облыстық әдеп жөніндегі кеңестің қатысушылары ұсынған болатын. Белгілі болғандай, Қойсоймасов пен оның орынбасары Қизат Жақыпов жемқорлық туралы істе көрінген. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері оларды 2019 жылдың қараша айында Қойсоймасов пен Жақыпов Павлодар облысының автожолдарын жөндеу, реконструкциялау және күтіп ұстау бойынша конкурсты жеңіп алған компанияның мүдделерін қорғағаны үшін бизнесменнен 564 890 теңге пара алды деп күдіктенді. Тергеушілер алған ақшасына шенеуніктер Phone 11 Pro сатып алып, оны облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының жүргізушісіне ресімдеген деп есептеген. Алайда биыл қараша айында іс тоқтатылды. Тергеу күдіктілердің пара алуға қатысы бар екенін дәлелдей алмады.
Содан кейін жемқорлықпен күресушілер Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі өңірлік департаментке ұсыныс жолдап, шенеуніктерге мемлекеттік қызметтің беделін түсіргені үшін тәртіптік іс қозғады.