Украина: Қазақстандықтың активтері санкцияға ұшырады


  • Warning: file_get_contents(/home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/uploads/2022/12/speech-44000-1670350827-1.mp3): failed to open stream: No such file or directory in /home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/themes/news-theme/single.php on line 38
  • Прослушать

Қазақстандық миллиардер Тимур Тұрловтың Украинадағы активтері санкцияға ұшырады.

Әңгіме қазақстандық бизнесмен Тимур Турловтың Freedom Holding Corp. компаниясының украиндық активі туралы болып отыр. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

«Украинаның Бағалы қағаздар және қор нарығы жөніндегі ұлттық комиссиясы «Фридом Финанс Украина» ЖШС лицензияларын 2022 жылғы 19 қазанда Украина Президентінің Жарлығымен Украинаның Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің «Жеке арнайы экономикалық және басқа да шектеу шараларын қолдану және оларға өзгерістер енгізу туралы» 2022 жылғы 19 қазандағы шешімі негізінде тоқтатты», — делінген хабарламада.

Лицензиялар тоқтатылғаны, бірақ күші жойылмағаны атап өтілді. Компания оқиғаны техникалық қателік деп санайтынын айтты.

«Бұл санкциялардың негізгі салдарының бірі — клиенттер алдындағы міндеттемелерді орындауға мүмкіндіктің болмауы. Бірақ компания шектеулерді механикалық қателік деп есептейді және біз шешімді даулау процесіндеміз. Барлық инстанцияларға біздің қызметіміз бен компанияның құрылымы туралы толық ақпаратпен өтініш жібердік», — деп түсіндірді компаниядағылар.

Бұдан былай «Фридом Финанс Украина» ЖШС Украинаның Бағалы қағаздар және қор нарығы жөніндегі ұлттық комиссияның шешімдерін басшылыққа алатын болады.

Компания украиналық инвесторлар «Фридом Финанс Украина» арқылы сатып алған және депозитарлық мекемеде сақталатын барлық активтер толық меншік құқығы негізінде клиенттерге тиесілі деп сендірді.

«Компания мүмкіндігінше клиенттер алдындағы барлық міндеттемелерді орындайды. Санкция салу Украинаның қор нарығының барлық жүйесі үшін күтпеген жағдай болды. Біз Украинада ұзақ жылдар бойы жұмыс істеп, Украинаның қор нарығын, оның экономикасын, қор нарығының инфрақұрылымын белсенді дамытып келеміз.

Санкциялар тек «Фридом Финанс Украина» ЖШС компаниясына қатысты болды, ол арқылы клиенттер қазір Украинаның қор нарығында бағалы қағаздарды саудалай алады. Олар негізінен 24 ақпанға дейін шығарылған әскери ІМҚО мен ІМҚО, корпоративтік облигациялар мен бірнеше украиналық компаниялардың акциялары», — деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Украина азаматтары Freedom Finance Europe-тегі шоттары мен активтеріне әлі де қол жеткізе алады.

«Еуропалық брокер арқылы олар халықаралық қор биржаларына инвестиция сала алады. Еуропалық брокердің шоттарындағы клиенттердің барлық қаражаты Еуроодақ заңнамасымен қорғалған», — деп қорытындылады компанияда.

Добавить комментарий