Ресейде мектеп оқушыларына ұшқышсыз басқарылатын ұшақтарды қолдануды үйретеді

Ресейде мектеп оқушыларына жаңа оқу жылында «Қауіпсіздік негіздері және Отанды қорғау» инновациялық пәні енгізілді. Мектеп бағдарламасындағы өзгерістер жобасы нормативтік актілердің ресми порталында жарияланды.

Аталған пән бесінші сыныптан бастап оқытылатын «Тіршілік қауіпсіздігі негіздері» (ТҚН) курсын толықтыруға арналған. «Парламенттік газетке» сәйкес, осы курс аясында оқушыларға «Отан үшін мақтаныш сезімін ояту және конституциялық борышты орындау — Отанды қорғауға деген жауапкершілікті» тәрбиелейді. Жоғары сыныптар оқушыларына (10-11) бұған саптық, тактикалық және атыс дайындығын, сондай-ақ атыс қаруымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасын қоса алғанда, БӘД элементтері оқытылады.

Оқушыларға жалпы әскери ұрыс тактикасын, ұшқышсыз ұшу аппараттарын басқару дағдыларын меңгеру және әскери қызмет жарғысын үйретеді. Құжатта бұл аталған пән жасөспірімдер үшін әскери училищелер мен жоғары оқу орындарына түсуді қоса алғанда, мамандық таңдау кезінде қажетті болатыны ерекше атап өтілген.

Ресейдің Оқу-ағарту министрі Сергей Кравцов 2024 жылғы 1 қыркүйекке қарай «Отанды қорғау және қауіпсіздік негіздері» бойынша бірыңғай оқулық шығаруды жариялады.

 

Добавить комментарий