Қазақстан бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда алдағы үш күнде еліміздің батыс өңірлерінде ауа температурасы төмендейді деп күтілуде. Шығыста жаңбыр жауады.

Республиканың оңтүстігі мен солтүстігінде аптап ыстық сақталады. «Қазгидромет» 21-23 шілде аралығында Қазақстанда ауа райы қандай болатыны жарияланды.

«Еліміздің басым бөлігінде, алдағы үш тәулікте солтүстік-батыс және оңтүстік циклондардың ықпалымен тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр жауады», — делінген хабарламада.

Синоптиктердің мәліметі бойынша:

22 шілдеде республиканың шығысында қатты жаңбыр жауады, найзағай, бұршақ болжанады, желдің күшеюі күтіледі.

Еліміздің батыс өңірлерінде жылудың төмендеуі байқалады,

Қазақстанның солтүстік жартысында күндізгі температура +23+28°С шегінде болады.

Еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ыстық ауа райы сақталады, тек таулы және тау бөктеріндегі аудандарда найзағай күтіледі.

Ауа температурасының аздап төмендеуіне қарамастан, ол климаттық норма шегінде сақталады.

Добавить комментарий