Қазақстан бойынша 29 шілдеге арналған ауа райы болжамы


  • Warning: file_get_contents(/home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/uploads/2022/07/speech-35610-1659080965-1.mp3): failed to open stream: No such file or directory in /home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/themes/news-theme/single.php on line 38
  • Прослушать

«Қазгидромет» РМК 2022 жылғы 29 шілде күні қазақстандықтарды ауа райы күтіп тұрғанын айтты

Қазақстанның бүкіл аумағында жаңбыр жауады, солтүстік-батыста, солтүстікте қатты жаңбыр күтіледі. Сондай-ақ, күн күркіреп, солтүстікте, орталықта бұршақ, желдің күшеюі, солтүстікте дауыл күтіледі, — деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.

Болжамға сәйкес, Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, Павлодар облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, күндіз Ақмола облысының солтүстігінде, батысында қатты жаңбыр жауады.

29 шілде күні еліміздің жеті облысында дауылды ескерту жарияланды

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр, түнде облыстың солтүстігінде, батысында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, облыстың батысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Түнде облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде күші 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 23 м/с, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Петропавлда найзағай күтіледі. Солүстік-шығыстан жел соғады, күндіз күші 15-20 м/с.

Қарағанды облысының солтүстік жартысында найзағай, бұршақ күтіледі. Жел солтүстік-батыс бағыттан солтүстік-шығыс бағытқа ауысады, найзағай кезінде екпіні 18-23 м/с. Қарағанды қаласында найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыс бағыттан солтүстік-шығыс бағытқа ауысады, найзағай кезінде екпіні 18 м/с.

Қызылорда облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Түркістан облысының тауларында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-батысында найзағай күтіледі.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде, батысында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Атырау облысының шығысында күн күркірейді. Күндіз +35°C қатты ыстық болады. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Добавить комментарий