Ресейде ел азаматтарын әскер борышын өтеуге көндіруде

Түрлі аналитиктер мен сарапшылар РФ-да «ел азаматтарын әскерге тарту» үшін бар күш-жігерін салып жатқанын айтуда. Олардың пікірінше, президент Владимир Путин мобилизацияның кезекті легін жариялауға қауіптенуде, ал соғыс алаңындағы адам шығындарының орнын қалай да болсын толтыру керек. Адам шығыны өте көп, сондықтан еріктілердің саны жеткілікті болуы тиіс.

Кремль ресейліктерге армияда әскери борышын өтеу үшін барлық жағдай жасалғанын қалай көрсетуде? Мәселен, Путин Ресейдің Украинаға баса көктеп кіруіне тартылған еріктілер мен мобилизацияланғандардың өмірі мен денсаулығын міндетті мемлекеттік сақтандыруға алу туралы жарлыққа қол қойды. Жарлыққа сәйкес қаза тапқан, мүгедектік алған және т.б. жағдайда азаматқа немесе оның отбасына жақсы материалдық өтемақы қарастырылған. Осылайша әртүрлі жағдайға байланысты өтемақы бірнеше миллион рубльге жетуі мүмкін. Сондай-ақ, РФ кең ауқымды Ресей-Украина соғысы басталғалы әскери қызметшілерге жоғары жалақы мен түрлі төлемдер уәде еткенін айта кеткен жөн.

Фото: Батыстың сарапшылары ресейліктерді армия қатарына тартуға бар күшін салып жатыр

Ресей Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев ел билігі армияға басымдық беретінін мәлімдеген болатын. Оның мәлімдемесіне сәйкес, РФ-да келісімшарт бойынша әскери қызметті барынша беделді ету үшін барлық күш-жігер салынып жатыр. Ол жыл басынан бері РФ қорғаныс министрлігі келісімшарт бойынша 231 мыңнан астам азаматты әскери қызметке алғанын, сонымен қатар бірқатар шешімдер қабылданғанын, олардың арқасында әскери қызметке алу жүйесін кең ауқымды Ресей-Украина соғысының шарттарына бейімдеуге мүмкіндік берілгенін және бұл оң нәтиже беріп отырған нақтылады.

Айта кету керек, сарапшылардың басым бөлігі Медведев келісімшарт бойынша қызмет етіп жүрген әскери қызметшілердің көрсеткішін асыра сілтеп келтірген деп отыр. Ресей билігі армияда жақсы жағдай жасалғанын айтып жатқанымен, шындық басқаша. Интернет желісінде сарбаздарды жауынгерлік жабдықтармен қамтамасыз етуде жүйелі проблемаларды көрсетететін көптеген фото және видео дәлелдер бар.

Фото: Батыстың сарапшылары ресейліктерді армия қатарына тартуға бар күшін салып жатыр

Ресей билігінің мәлімдемелері мен қабылдап жатқан жарлықтарынан бөлек, ел басшылығы басқа да тәсілдермен бейбіт тұрғындарды жауынгерлік іс-қимылдарға тартуға тырысып жатыр. Ресейдің Украинамен шектесетін облыстарда жергілікті билік Украина тарапынан ықтимал «қауіпке байланысты» ерікті түрде халық жасақтарын ұйымдастыра бастады. Әңгіме Белгород және Курск облыстарынде жергілікті халықты жинап, қару-жарақ таратып, тиісті әскери жабдықтармен жасақтап жатқаны туралы болып отыр.

Жоғары жалақы, материалдық өтемақы әрине жақсы, бірақ соғыстың жағымсыз тұстары барын ұмытпау керек. Соғыста адамдар қырылады. Өте көп адамдар жер жастанады. Ресейліктер Путин өзінің империялық амбициясымен қанды басқыншылық соғысты бастады. Енді оның мақсаты соғыс қимылдарын барынша ұзаққа созып, «әлсірету» режиміне көшіру. Мұндай режимді іске асыру үшін Ресей президентіне адами ресурс қажет. Міне, осы ресурсты ол соғыс алаңына жіберуге тырысып жатыр.

«Украина Қарулы Күштері ауқымды шабуылдау операциясы бастағалы бері ресейліктер арасында қаза болғандар мен жарақат алғандар саны айтарлықтай артқанын атап өткен жөн. Украина тарапының мәлімдемесі бойынша РФ әскерінің шығындары көп болғаны соншалықты, мәселен, қаза тапқан сарбаздар уақытша басып алынған Мелитополь маңындағы ашық аумақта кремация жасап жатыр», — деп жазады батыстық сарапшылар.

Добавить комментарий