Саясаттанушылар Авдеевка мен Бахмуттағы жағдайға қатысты түсініктеме берді

«Ресей басқыншыларының қысқы-көктемгі шабуылы сәтсіз аяқталды, бірақ бұған қарамастан РФ әскері әлі күнге дейін өздері үшін басым екі бағыт бойынша шабуылдауды тоқтатқан жоқ. Олар Бахмут пен Авдеевка түбінде шабуылдап жатыр, қалаларды қоршауға алмақ немесе қорғанысты ұстап тұрған Украинаның Қарулы Күштерімен бетпе-бет шайқаспақ», — деп украиналық әскери сарапшылар бірнеше ай бойы РФ елеулі табыстарға қол жеткізе алмағанын атап өтті.

Қақтығысып жатқан қос тарап Бахмут пен Авдеевка түбінде кескілескен шайқастар жүріп жатыр деп отыр. Күн сайын Бахмут және Авдеев бағытында 250-300 позиция бойынша атыс, 30-40 шабуылдау болады.

Фото: Батыстың саясаттанушылары Бахмутты басып алудың Ресей үшін стратегиялық мәні жоғын, бірақ пропаганда үшін тиімді деп санайды

Украиналық әскери-саяси басшылықтың өкілдері аталған бағыттағы бірінші және басты міндет — сауатты қорғану арқылы жау күштерін барынша әлсірету деп ашық мәлімдейді.

«Бұл, шын мәнінде, әскери өнердің , — деп жазады украиналық әскери сарапшылар. — Қарымта шабуылға шықпас бұрын стратегиялық қорғаныста болу тиімді. Осы уақыт ішінде жау күштері қорғанысты бұзуға тырысып, орасан зор шығынға ұшырайды. Мәселен, Украина тарапы РФ әскері Авдеевкаға шабуыл жасай отырып, күн сайын жеке құрамның екі ротасынан ауырылып жатыр деп мәлімдейді. Украиналық тарап қарымта шабуылға шығуға белсенді дайындалып жатқаны белгілі. Осы кезеңде УҚК басқыншыларды неғұрлым қатты әлсіреткен сайын, өз шабуылдау қимылдарын соғұрлым жеңіл әрі тез өткізеді. Кремль өз әскерінің адам ресурстарын аямауда, соғыс алаңының осы учаскесінде адам денелері лық толы».

Фото: Батыстың саясаттанушылары Бахмутты басып алудың Ресей үшін стратегиялық мәні жоғын, бірақ пропаганда үшін тиімді деп санайды

Украиналық әскерилер Донбасс қалаларын қирандыдан барынша құтқарудыда өздеріне міндет қылып алды. Украина Бахмуттан кері шегініп, басқа қалада қорғаныста тұрса, басқыншылар оны да қирататынын жақсы түсінеді.

Соғыс салдарынан Донбасс пен Запорожье облысындағы қалалар қирап жатыр. Аталып өткендей, бұл Украинаның орыс тілді азаматтар тұратын облыстар.

«Осылайша, Украинаның Қарулы Күштері Донецк және Луганск облыстарының орыс тілді азаматтарын Ресей әскерінен қорғап жатыр», — деп жазады украиналық әскери сарапшылар.

Сарапшылардың бағалауынша, Ресей Бахмутты басып алған жағдайда жедел нәтижеге қол жеткізу мүмкіндігі болмайды — бұл олар үшін тек тактикалық жеңіс қана болады. «Басқыншылар үшін Авдеевка Бахмут сияқты маңызды емес, бірақ, соған қарамастан, олар бұрын-соңды болмаған шығындарға ұшырап, қалаға толассыз шабуыл жасауда. Бахмутты басып алу РФ үшін бір контексте ғана тиімді. Бұл Кремль пропагандасы үшін ресейліктерге Украинадағы қандай да бір жеңіспен «алдап», арнайы операцияның «жетістіктерін» көрсету үшін керек», — деп есептейді батыстық саясаттанушылар.

Добавить комментарий