Қазақстанда фермерлерді онлайн-несие беру жүйесі іске қосылды

Қазақстанда фермерлерге онлайн-несие беру жүйесі іске қосылды.

Несиенің алдын ала мақұлдануын фермерлер үйден шықпай-ақ ала алады.
Фермерлерден «Іскер» бағдарламасы бойынша 6 млн теңгеге дейін шағын несие алуға өтінімдер онлайн қарастырылуда, деп хабарлады Аграрлық несие корпорациясы.
Өтінішті agronesie.kz. сайтына жолдаса болады. Әмбебап келісімге қол қою, ЖСН мен телефон нөмірін енгізу қажет. Содан кейін жүйе дерекқордағы мәліметтерді пайдалана отырып, кепілдік мүлікті және несие алушының төлем қабілеттілігін алдын ала бағалайды.
«Ұсынылған кепіл жеткілікті болған жағдайда жүйе қарызды алдын-ала мақұлдау туралы хабарлама жіберіп, Аграрлық несие корпорациясының облыстық филиалына жүгінуге қажет қажетті құжаттардың тізбесін жолдайды», — делінген хабарламада.

Добавить комментарий